04
июнь
2025
4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні!

Бүгінгі күн “Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінде таңғы жаттығудан кейін балалар шаттанып алаңға жиналды. Себебі бұл күн – 4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні!Әнұран орындалуымен басталды.
Топ басшылары рәміздердің шығу тарихына шолу жасап, балаларға олардың маңызын түсіндіріп, "Рәміздерім-мақтанышым" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Пернебаевтың ұйымдастыруымен "Отанды сүю жүректен" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, үздік деп танылған оқушылар марапатталды.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Бақтыбаеваның ұйымдастыруымен "Тамаша көңіл-күй әлемінде" тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Сайыс нәтижесінде - "Ақбота" тобы "Бас жүлде" иеленді.