ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/МЕКТЕП ТӘЛІМГЕРІ ҚЫЗМЕТІ » Страница 2 » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(713) 4-535622
Есепші бөлімі:
+7(713) 4-535622
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Көңілді жаздық ойындар"
03
июнь
2025
"Көңілді жаздық ойындар"
"Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп психологы Н.Мамырова "Көңілді жаздық ойындар" психологиялық тренинг өткізді.Мақсаты: Жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Г.Ахметжанова "Кім жылдам?" эстафеталық сайыс ұйымдастырды.Мақсаты: Оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сайыс нәтижесінде: "Балдәурен" тобы - бас жүлде, "Ақбота" тобы - 1 орын, "Бәйтерек" тобы - 2 орын,
Сәлем, лагерь -2025!
02
июнь
2025
Сәлем, лагерь -2025!
Мектебімізде "Салем, лагерь - 2025" атты "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатты мерекелік іс-шарасы өткізілді.Білім бөлімінің маманы Э.Жалғасқызы мен мектеп директоры Е.Сапарбайұлы оқушыларды мерекесімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Мерекелік іс-шарада оқушылар ән айтып, би билесе, ертегі кейіпкерлері - Буратино, сайқымазақтар, сиқыршы, Жаз аруы оқушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында асфальтта суреттер салып, оқушыларға балмұздақтар таратылды.
«Мектебім, саған мың алғыс!»
24
май
2025
«Мектебім, саған мың алғыс!»
Мектебімізде 24 мамыр күні бітіруші түлектерге арналган «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мерекелік жиын өкізілді.Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ербол Сапарбайұлына берілді.Мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарын мерекелерімен құттықтай отырып,түлектердің болашақта зор азамат пен азаматша болатындығына сенім білдіретінін айтты. Мерекелік жиынның қонағы аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Теміржан Серікұлы мектеп бітіруші түлектерге өзінің жылы лебізін білдіріп, сәт сапар
"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
06
май
2025
"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау болып өтті. "Жас Ұлан" ұйымына - 10 оқушы, "Жас Қыран" ұйымына - 10 оқушы қабылданды.
1 мамыр - Бірлік күні
30
апрель
2025
1 мамыр - Бірлік күні
Мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шара өтті.Іс-шараға 3-10 сынып оқушылары қатысып, әр ұлт өкілдерін сомдады. Мақсаты - оқушыларға Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы туралы түсінік беру, татулық пен достықты қадірлеуге тәрбиелеу, ел бірлігі – ел тірегі екенін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімін оятып, әр ұлттың мәдениетін құрметтеуге баулу. Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын түсіндіру.
"Өскен өңір"  көгалдандыру акциясы
18
апрель
2025
"Өскен өңір" көгалдандыру акциясы
Мектебімізде "Өскен өңір" көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалықты сақтауға үйрету.
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
07
апрель
2025
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
Мектебімізде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай "Спорт - денсаулық кепілі" тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
"Жас Ұланның Жұлдызы" патриоттық әндер байқауы
20
март
2025
"Жас Ұланның Жұлдызы" патриоттық әндер байқауы
"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес "Жас Ұланның Жұлдызы" тақырыбында 3-10 сынып оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сый құрметін арттырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Байқау нәтижесінде 9-13 жас ерекшелік бойынша Жолдыбай А., 14-17 жас ерекшелік бойынша Кеңесбай С. аудандық байқауға жолдама берілді.
"Ана деген  тіршіліктің тірегі" мерекелік іс-шара
07
март
2025
"Ана деген тіршіліктің тірегі" мерекелік іс-шара
Мектебімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Ана деген тіршіліктің тірегі" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.Мақсаты - анаға деген алғыс пен сүйіспеншілікті білдіру. Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, ақ жаулықты аналарға, ұстаздарға ақ тілектерін жыр шумақтары арқылы жеткізді.
"Мың   алғыс!"  челленджі
28
февраль
2025
"Мың алғыс!" челленджі
Мектебімізде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында "Мың алғыс!" челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту және әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу