ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/МЕКТЕП ТӘЛІМГЕРІ ҚЫЗМЕТІ » Страница 3 » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(713) 4-535622
Есепші бөлімі:
+7(713) 4-535622
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дармарка  заттарға  екінші өмір сыйла"  акциясы
21
февраль
2025
"Дармарка заттарға екінші өмір сыйла" акциясы
Мектебімізде 21-і ақпан күні "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес 5-7 сынып оқушыларына "Дармарка заттарға екінші өмір сыйла" акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: Табиғи заттардан пайдалы заттар жасауға дағдыландыру
"Ауғанда от кешкендер" Ауған ардагерлерімен кездесу
14
февраль
2025
"Ауғанда от кешкендер" Ауған ардагерлерімен кездесу
Мектебімізде 14-ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай "Ауғанда от кешкендер" тақырыбында Ауған ардагерлерімен кездесу өткізілді.Іс-шара ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Оқушылар ардагерлерге арнап ән шырқап, арнаулар оқыды
"Уақытты  тиімді пайдалану"  тренинг
22
январь
2025
"Уақытты тиімді пайдалану" тренинг
Мектебімізде "Интернетсіз бір күн" акциясының жоспарына сай 22 қаңтар күні мектеп психологы Н.Мамырова 8-сынып білім алушыларымен "Уақытты тиімді пайдалану" тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг мақсаты - оқушылардың ойлау қабілеттерін, өмірге көзқарасын анықтау, уақытты тиімді пайдаланып, тез ойлап, тез жауап беруге үйрету.
Топтық спорттық жаттығу.Флешмоб
20
январь
2025
Топтық спорттық жаттығу.Флешмоб
Таңертеңгі жаттығу оқушыларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі басты құрал болып табылады.Осы мақсатта 20 қаңтар күні "Оффлайн күні" акциясы аясында 6"А" сыныбы мен 10- сынып білім алушыларына таңғы спорттық жаттығу уақыты мен флешмоб ұйымдастырылды. Мақсаты-оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, спорттық қабілеттерін арттыру.
"Интернет  орнына  кітап"  кітап оқу уақыты
17
январь
2025
"Интернет орнына кітап" кітап оқу уақыты
Мектебімізде 17 қаңтар күні "Интернетсіз бір күн" акциясы аясында "Интернет орнына кітап" кітап оқу уақыты ұйымдастырылды.Акцияға 6-7 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты- оқушылардың ғаламторға тәуелді болмай бір мезгіл кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Акция барысында оқушылар жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді оқып, қызықты жерлерін әңгімеледі.
"Интернетсіз бір күн" акциясы
15
январь
2025
"Интернетсіз бір күн" акциясы
"Интернетсіз бір күн" акциясы аясында 10-сынып білім алушыларына 15 қаңтар күні кино көру уақыты ұйымдастырылды. Оқушыларға "Қайырымдылық" фильмі көрсетілді.Мақсаты - уақытты тиімді пайд алану мен мейірімділік пен адалдықты дәріптеу.
"Интернетсіз  бір күн" акция
14
январь
2025
"Интернетсіз бір күн" акция
Мектебімізде "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының айлық жоспарына сәйкес 14 қаңтар күні "Оффлайн күні" интернетсіз бір күн челленджінің жоспарымен оқушылар таныстырылды.Челлендж мақсаты-бір күнді интернетсіз өмірге арнап, уақытты тиімді өткізу.Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындар дың алдын алу
"Қош келдің - 2025 жыл"   мерекелік  іс-шара
26
декабрь
2024
"Қош келдің - 2025 жыл" мерекелік іс-шара
Мектебімізде 25-26 желтоқсан күндері 1-7 сынып оқушыларына "Қош келдің - 2025 жыл" мерекелік іс-шарасы болып өтті. Іс-шара барысында өзін-өзі басқару ұйымы ертегілер елінің кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның мақсаты - оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Патриоттық  әндер  байқауы
13
декабрь
2024
Патриоттық әндер байқауы
Тәуелсіздік мерекесіне орай "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жылдық жоспарына сәйкес ДТІЖО Н.Дәрменқұлов пен мектеп тәлімгері А.Аханованың ұйымдастыруымен " Ұлттық рух- мәңгілік ел болудың өзегі" тақырыбында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқауға 5-11 сынып білім алушылары қатысты. Қатысушылар байқау соңында арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.Патриоттық әндерді орындау
"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз"  флешмоб
06
декабрь
2024
"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" флешмоб
Оқушылардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу мақсатында 2024 жылдың 06 желтоқсан күні "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа 5-11 сынып білім алушылары қатысты.Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың негізі спорт, дұрыс тамақтану, тазалық екенін ұғындыру