01
октябрь
2025
«Қартқа бізден құрмет бар» акция

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарт қа бізден құрмет бар» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акция барысында ауылдағы ардақты ана Дүйсекүл апаны арнайы барып, мерекемен құттықтап, қолғабыс етті. Өз кезегінде Дүйсекүл апамыз оқушыларымызға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Акцияның мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлай білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.