03
октябрь
2025
"Дублер күні"

3 қазан күні ұстаздар мерекесі қарсаңында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ерекше дәстүрге айналған "Дублер күні" өтті. Мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау.Дублёр күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқару қызметіне тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;
3) барлық параллель сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
Бұл күні Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары ұстаздардың орнында сабақ өткізіп, өздерін мұғалім рөлінде сынап көрді.