ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/МЕКТЕП ТӘЛІМГЕРІ ҚЫЗМЕТІ » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(713) 4-535622
Есепші бөлімі:
+7(713) 4-535622
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/МЕКТЕП ТӘЛІМГЕРІ ҚЫЗМЕТІ
"Дублер күні"
03
октябрь
2025
"Дублер күні"
3 қазан күні ұстаздар мерекесі қарсаңында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ерекше дәстүрге айналған "Дублер күні" өтті. Мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау. Дублёр күнінің міндеттері: 1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқару қызметіне тарту; 2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, білім алушылардың
«Қартқа  бізден  құрмет бар»   акция
01
октябрь
2025
«Қартқа бізден құрмет бар» акция
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарт қа бізден құрмет бар» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акция барысында ауылдағы ардақты ана Дүйсекүл апаны арнайы барып, мерекемен құттықтап, қолғабыс етті. Өз кезегінде Дүйсекүл апамыз оқушыларымызға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Акцияның мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлай білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
«Мектебім – мейірім мекені»
01
сентябрь
2025
«Мектебім – мейірім мекені»
Мектебімізде 1 қыркүйек 2025 жылы Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Дарменкуловтың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен ұстаздарға салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ізтілеуов оқушыларымызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап келді. Мектеп директоры Е.Аширов ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Директордың оқу ісі жөніндегі
"Биші  болғым келеді"  би байқауы
12
июнь
2025
"Биші болғым келеді" би байқауы
"Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес 12 маусым 2025ж. физика пәнінің мұғалімі Ж.Оразымбекованың ұйымдастыруымен "Биші болғым келеді" тақырыбында би байқауы болып өтті. Мақсаты: балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу.Дарынды балаларды анықтау.Байқау соңында оқушылар дипломдармен марапатталды.
Қалалық мұражайға  саяхат
11
июнь
2025
Қалалық мұражайға саяхат
Мектебімізде "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес лагерь қатысушыларына қалалық мұражайына саяхат ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушыларды тарихи өлкетану мұражайымен таныстыру.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру
"Бала дауысы" ән байқауы
10
июнь
2025
"Бала дауысы" ән байқауы
"Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес музыка пәнінің мұғалімі А.Байғонованың ұйымдастыруымен лагерь қатысушылары арасында "Бала дауысы" ән байқауы болып өтті.Байқауға оқушылар белсене қатысты. Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау соңында оқушылар дипломдармен марапатталды.
"Табиғатқа саяхат"
05
июнь
2025
"Табиғатқа саяхат"
Мектебімізде "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес 05 маусым күні табиғатқа саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларды қоршаған әлемді сезінуге және тануға деген қызығушылығын арттыру.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Жанқоразов табиғат аясында "Кім епті" эстафеталық ойынын ұйымдастырды.
4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні!
04
июнь
2025
4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні!
Бүгінгі күн “Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінде таңғы жаттығудан кейін балалар шаттанып алаңға жиналды. Себебі бұл күн – 4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні! Әнұран орындалуымен басталды. Топ басшылары рәміздердің шығу тарихына шолу жасап, балаларға олардың маңызын түсіндіріп, "Рәміздерім-мақтанышым" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Пернебаевтың ұйымдастыруымен "Отанды сүю жүректен" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, үздік деп танылған оқушылар