ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/ТӘРБИЕ БӨЛІМІ » Сш Бирлесу-Енбек
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бірлесу-Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(713) 4-535622
Есепші бөлімі:
+7(713) 4-535622
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/ТӘРБИЕ БӨЛІМІ
"Дублер күні"
03
октябрь
2025
"Дублер күні"
3 қазан күні ұстаздар мерекесі қарсаңында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ерекше дәстүрге айналған "Дублер күні" өтті. Мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау. Дублёр күнінің міндеттері: 1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқару қызметіне тарту; 2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, білім алушылардың
«Қартқа  бізден  құрмет бар»   акция
01
октябрь
2025
«Қартқа бізден құрмет бар» акция
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарт қа бізден құрмет бар» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акция барысында ауылдағы ардақты ана Дүйсекүл апаны арнайы барып, мерекемен құттықтап, қолғабыс етті. Өз кезегінде Дүйсекүл апамыз оқушыларымызға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Акцияның мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлай білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
"Биші  болғым келеді" би байқауы
12
июнь
2025
"Биші болғым келеді" би байқауы
Мектебізде "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімі жас маман Ж.Оразымбекованың ұйымдастыруымен "Биші болғым келеді" би байқауы ұйымдастырылды.Мақсаты: балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу. Дарынды балаларды анықтау.
Қалалық мұражайға саяхат
11
июнь
2025
Қалалық мұражайға саяхат
Мектебімізде "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес лагерь қатысушыларына қалалық мұражайына саяхат ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушыларды тарихи өлкетану мұражайымен таныстыру.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру
"Бала дауысы" ән байқауы
10
июнь
2025
"Бала дауысы" ән байқауы
Мектебімізде "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес музыка пәнінің мұғалімі А.Байғонованың ұйымдастыруымен лагерь қатысушылары арасында "Бала дауысы" ән байқауы болып өтті.Байқауға оқушылар белсене қатысты. Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау соңында оқушылар дипломдармен марапатталды.
"Табиғатқа  саяхат"
05
июнь
2025
"Табиғатқа саяхат"
Мектебімізде "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес 05 маусым күні табиғатқа саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларды қоршаған әлемді сезінуге және тануға деген қызығушылығын арттыру.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Жанқоразов табиғат аясында "Кім епті" эстафеталық ойынын ұйымдастырды.
4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні!
04
июнь
2025
4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні!
Бүгінгі күн “Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінде таңғы жаттығудан кейін балалар шаттанып алаңға жиналды. Себебі бұл күн – 4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні! Әнұран орындалуымен басталды. Топ басшылары рәміздердің шығу тарихына шолу жасап, балаларға олардың маңызын түсіндіріп, "Рәміздерім-мақтанышым" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Пернебаевтың ұйымдастыруымен "Отанды сүю жүректен" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, үздік деп танылған оқушылар
"Көңілді жаздық ойындар"
03
июнь
2025
"Көңілді жаздық ойындар"
"Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп психологы Н.Мамырова "Көңілді жаздық ойындар" психологиялық тренинг өткізді.Мақсаты: Жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Г.Ахметжанова "Кім жылдам?" эстафеталық сайыс ұйымдастырды.Мақсаты: Оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сайыс нәтижесінде: "Балдәурен" тобы - бас жүлде, "Ақбота" тобы - 1 орын, "Бәйтерек" тобы - 2 орын,
Сәлем, лагерь - 2025!
02
июнь
2025
Сәлем, лагерь - 2025!
Мектебімізде "Салем, лагерь - 2025" атты "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатты мерекелік іс-шарасы өткізілді.Білім бөлімінің маманы Э.Жалғасқызы мен мектеп директоры Е.Сапарбайұлы оқушыларды мерекесімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Мерекелік іс-шарада оқушылар ән айтып, би билесе, ертегі кейіпкерлері - Буратино, сайқымазақтар, сиқыршы, Жаз аруы оқушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында асфальтта суреттер салып, оқушыларға балмұздақтар таратылды.
Мектебім, саған мың алғыс!
24
май
2025
Мектебім, саған мың алғыс!
Мектебімізде 24 мамыр күні бітіруші түлектерге арналган «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мерекелік жиын өкізілді.Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ербол Сапарбайұлына берілді.Мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарын мерекелерімен құттықтай отырып,түлектердің болашақта зор азамат пен азаматша болатындығына сенім білдіретінін айтты. Мерекелік жиынның қонағы аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Теміржан Серікұлы мектеп бітіруші түлектерге өзінің жылы лебізін білдіріп, сәт сапар